Мектеп тарихы

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының “Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1941 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде Украинадан Шымкент қаласына саңырау балалар мектебі көшірілді.

1945 жылы соғыс аяқталған соң, көптеген мұғалімдер мен мектеп бітірушілер өз елдеріне оралды.

Шымкент қаласында саңыраулар қауымдастығы мен қалалық білім беру бөлімі саңырау  балалар мектебін ашу үшін көптеген жұмыстар жүргізді.Өйткені білім алмаған саңырау балалар көп еді.

1952 жылы 10 ақпанда Шымкент қаласындағы Свобода көшесінде орналасқан №5 үйде саңырау балалар мектебі ашылды.Екі сыныпқа 23 бала жиналды. Мектеп өте кішкентай болатын. Онда екі сынып,екі ұйықтайтын бөлме бар еді. Мектеп ашылғаннан кейін балалар саны өсе бастады.


1953 жылы наурыз айында Шымкент қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан  Қаратөбе ауданындағы  Бадам өзенінің арғы жағындағы бұрынғы №11 балалар үйінің орнына көшірілді. Мектеп лаймен соғылған бірнеше үйлерде орналасқан. Мектептің алдында үлкен бос жері болатын, оны өңдеп көкөністер егетін.1962 жылы мектепті Бадам өзенінің жағасындағы Қорғасын заводының пионер лагері үйіне көшірілді. Бұл  жерде тігін және ағаш кесу жұмысымен айналысуға болатын орындар бар болатын, кейін сол жерге мәдениет үйі салынды.

1968 жылдың аяғында саңырау балалар мектебінің жаңа құрылысы аяқталды.

1969 жылы мектеп- интернат барлық жағдайы жасалынған ғимаратқа көшірілді.

1987-1988 жылдары мектепте ұйықтайтын бөлмелер, спорт залы және үлкен асхана салынды.

1990 жылы компьютерленген сынып ашылды.

1991 жылы қазақ тілінде білім алатын  сыныптар қосылды.

1999-2000 жылдары мектеп – интернатта  толық жөндеу жұмыстары  жүргізілді.

2001 жылы жаңа монша салынды.Мектеп-интернатта шәкірттерге білім алу үшін толық жағда жасалынған.

Мұғалімдер ұұжымы, ата-аналар және оқушылар үшін мектеп-интернат үлкен мақтаныш болды.

2002 жылы мектеп- интернаттың өз алдына саңырау балалар мекемесі болып отау тіккеніне 50 жыл толды.