Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамы құрылатындығы туралы хабарландыру

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 2007 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамқоршылық кеңесінің кұрамының кұрылуы туралы хабарлайды.

Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының, коммерциялық емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері қайырымдылық жасаушылар шақырылады.

Құрметті ата-аналар! Сіздердің қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарыңызды күтеміз! («Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» қоса беріліп отыр).

Ұсыныстарыңыз 10.12.2018 ж.дейін қабылданады.

Сұрақтарыңыз бойынша қабылдау бөліміндегі: 21-43-08

ЕҚББА №1 АМИ әкімшілгі