
Бүгінде мектеп – интернатымызда еліміздегі болып жатқан төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту үрдісі қарқынды жүруде. Оқу процесі вацап желісі арқылы өтуде.
Мектеп – интернат мұғалімдері оқушыларға сабақтарды: бейнесабақ, слайд, презентациялар арқылы түсіндіріп, кері байланыс жасап отыр. Сабақтар жылдық жоспар бойынша жүргізілуде. Ұстаз бен тәрбиеші, ата-ана және оқушы арасындағы байланыс тығыз орнаған.
Яғни, әрбір оқушының ата-анасы мұғаліммен тығыз байланысқа түсіп, оқушының және өзінің түсінбеген тақырыптарына қояр сұрақтарына еркін жауап алуда.