Бақытты отбасы

10  қазан күні Шымкент қаласы білім басқармасынының «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Nur Otan»   партиясының «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыру аясында балалардың құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды жинау мен зерделеу мәселелері жөніндегі көшпелі сараптамалық топ жұмыс бабымен келді. Топ жетекшісі Исказина Мансия Аяпбергеновна бастаған  жұмыс тобы  мектеп-интернаттың тыныс-тіршілігімен   танысты. Балалардың қол еңбектерін көрді. Кездесу соңында мектеп-интернаттың дәстүрлі «Менің атаулы ағашым!»дәстүрлі іс-шарасы бойынша ағаштар отырғызылды.