«Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты Казақстан Республикасының Тәуелсіздінің 30 жылдығына арналған гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің онкүндігі

Қаңтар айының 20 –сы мен  30-ы  аралығында  мектеп – интернатымызда  Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің  қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі  пәндерінің  «Тәуелсіздік –  ел тұғыры»  тақырыбында  онкүндік өтілуде.

Онкүндіктің  мақсаты:

  • Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы   ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету. Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы  30 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін нығайту.
  • Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
  • Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу
Атқарылатын жұмыстар Сынып Уақыты Жауаптылар
1 Онкүндіктің ашылуы

 

5 – 10 сыныптар 20.01.2021ж Үйсінбай А
2 «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты  сурет көрмесі 5 -10 сыныптар 21.01.2020ж Гуманитарлық пән мұғалімдері
3 «Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын» шығарма байқауы 5 -10 сыныптар 22.01.2021ж Гуманитарлық пән мұғалімдері
3 «Let`s study English!» сыныптан тыс іс – шара 5-10 сынып Cағ:  12:00 22.01.2021ж Л.Мирзахмедова

З.Мавия

4 «Weather 2» ағылшын тілінен ашық сабақ

 

8«Ә»сынып

Сағ: 08:30

22.01.2021ж

 

Жанабаева Ж
5  «Қазақстандағы отбасы күні» қазақ тілі пәнінен ашық сабақ

 

9«В»сынып Сағ: 11:05 26.01.2021ж  Н.Маликова
6 С.С.Цыганков «Планета Земля» орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ 7«Ә»сынып Сағ: 11:05 26.01.2021ж  Н.Айтбаева
7 Б.Майлин «Шұғаның белгісі» қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ 10«А»сынып Сағ: 11:05 28.01.2021ж  Қ.Шохатова
8 «Заповедная территория» орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ 9 «Г» сынып Сағ: 10:10 28.01.2021ж М.Усманова
9 «Жер судың аты – тарихтың хаты» қазақ тілі пәнінен ашық сабақ 6 «А» сынып Сағ: 11:50 28.01.2021ж Г.Камалова 
10 Онкүндіктің жабылуы

 

5 – 10 сыныптар 29.01.2020ж Гуманитарлық пән мұғалімдері

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың  болса,

қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай,  талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар құрбан болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз –Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ елі жетті. 1991 жыл — еліміздің «Қазақстан»  деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы.

2021  жылдың 16 желтоқсанында – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық  мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз осы  уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.

Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймыз.

Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

Сол себепті гуманитарлық әдістемелік бірлестігіміз  тәуелсіздігімізге – 30 жыл  толуына орай, биылғы қазақ елі үшін құнды мерекемізді  өз онкүндігіміздің тақырыбы етіп алдық. Жас ұрпақты осынау тәуелсіздікке  ата – бабамыздың қалай жеткенін бойына сіңіру – басты мақсатымыз!