Тәуелсіздік – ел тұғыры

Мектеп–интернатымызда 20.01 – 30.01.2021 ж аралығында Гуманитарлық әдістемелік бірлестіктің қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі  пәндерінің «Тәуелсіздік –  ел тұғыры»   тақырыбында онкүндігі өтті.

20.01.2021ж  күні    А.Үйсінбай  5-10 сынып оқушыларына  бейнеролик  дайындап,   онкүндікті ашып,   онкүндіктің өту жоспарын таныстырды.               

21.01.2021ж 5 – 10 сынып оқушылары арасында  «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты  сурет көрмесі өтті. Көрмеге 5-10 сынып оқушылары белсене қатысты. Ең жақсы салынған жұмыстар бағаланып, балалар марапатталды.

22.01.2021ж  5 – 10 сынып оқушылары арасында  «Мен  тәуелсіз елдің ұрпағымын» атты  шығарма байқауы өтті. Оқушылар тәуелсіздік, бейбітшілік туралы шығарма жазып, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетті.  Отан, тәуелсіздік туралы өлең, жырларын айтып байқауға атсалысты.

23.01.2021ж  8 «Ә» сыныбымен Ж.Жанабаева  қашықтықтан «Weather 2»  тақырыбында ағылшын тілінен ашық сабақ өтті. Сыныптың оқушылары ашық  сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты меңгергені  айқын көрінді.

26.01.2021ж Н.Маликова 9 «В» сыныбымен  «Қазақстандағы отбасы күні» тақырыбында  қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Балалар өз ойларын анық жеткізіп сабақты жоғары деңгейде алып шықты.

28.01.2021ж  10 «А» сыныбымен Қ.Шохатова  «Zoom»платформасымен Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» тақырыбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізді. Білім алушылар повес бойынша сұрақтарға жауап беріп, кері байланыс жасады.

28.01.2021ж  6 «А» сыныбымен  Г.Камалова «Жер судың аты – тарихтың хаты»  тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ өте қызықты өтті, балалар сабаққа белсене қатысты.

Сонымен қатар, онкүндікте гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің  қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі  пәні  мұғалімдері үш тілде тәуелсіздік туралы өлең, тақпақтар  айтып, челендж  ұйымдастырды.  Алдағы уақытта челендж басқа пәндер мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналар  арасында жалғасын табады деген ойдамыз.

Қорыта келгенде, «Тәуелсіздік –  ел тұғыры»  тақырыбында  өтілген  онкүндік  жас жеткіншектерге еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы   ата-бабаларымыздың ерлігін паш етіп, еліміздің тәуелсіздік алғалы  30 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырылып, білімдерін нығайтты десек те болады.

Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін оятып, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеп, өз елінің патриоты болуға титтей де болса үлес қостық деп ойлаймыз.